Мектепке дейiнгi тәрбие және оқытумен 28 мектепке дейiнгi ұйымдар қамтиды, оның iшiнде 4 балалар бақшасы (401 тәрбиеленушiсi бар 19 топ) мен 423 орынға есептелiнген 24 шағын орталық. Сондай-ақ ауданда музыка мектебi, өнер мектебi, Жеткiншектер үйi, БЖСМ, БЖк, ауылшаруашылығ колледжi, өңiрлiк психолого-педагогикалық кеңес, психолого-педагогикалық коррекция кабинетi секiлдi қосымша бiлiм беру ұйымдары жұмыс iстейдi.
Педагогикалық кадрлар 560 мұғалiмнен құралған, олардың iшiнде жоғары бiлiмдiлер — 457, арнайы орта бiлiмдi — 103 мұғалiм олардың iшiнде жоғары санатты мүғалiмдр — 88, I санаттағылар — 210, 2 санаттағылар — 106. Жоғары бiлiмдi жән бiрiншi санаттағы жоғары бiлiктi педагогтар үлесi 53,2% құрайды.
115 педагог деңгейлiк курстарынан өттi. 12 педагог кадрына сұраныс бар, келесi мамандықтар бойынша: математика, физика, әлеуметтiк педагог, ағылшын тiлi, бастауыш әне мектепке дейiнгi бiлiм беру, орыс тiлi мен әдебиетi). 2016 ылы 25 жас маман мұғалiмдер қатарына алынды. Олардың iшiнде, 15-i оғары бiлiмдi және 13-i арнайы орта бiлiмдi.
Барлық мектептер телефон байланысымен, компьютерлермен қамтылған және Иентернет желiсiне қосулы.
Орта мектеп түлектерiнiң оқудағы жетiстiктерiн тәуелсiз сыртқы бағалау механизмi болып Бiрыңғай ұлттық тестiлеу табылады, 2015-2016 оқу жылының қорытындысы бойынша ауданда 11 сыныптардың 116 оқушысы арасынан 76 оқушы тестiлеуге қатысты. Оқушыларды тестiлеумен қамту деңгейi 2015 жылғы көрсеткiштерден 6,5%-ға км, яғни 65,5%-ды құраған едi.
ҰБТ қорытындысы бойынша аудан облыс бойынша 2 орынды иелендi, аудан бойынша орташа балл 84,33%-ды құрады. 4 түлек Алтын белгi иесi атанды, 3 түлек үздiк аттестатқа ие болды.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 2016 жылы 53 маманға жалпы сомасы 7 млн. 868 мың теңге көлемiнде бiржолғы көтерме жәрдемақысы мен 9 маманға тұрғын-үй сатып алуға сомасы 22 млн. 270 мың теңге несие ресiмделдi. Қазан ауылында жас мамандар үшiн тұғын-й салынып, онда қазiргi кезде математика мұғалiмiнiң жас отбасысы тұрып жатыр.
2016 жылдың жаз мезгiлiнде жазғы демалыспен, сауықтыру және жұмысқа баулумен 1-10 сыныптардың 2411 оқушысы қамтылды.
2016 жылы бiлiм мекемелерiн күрделi және ағымды жөндеуге 106,182 млн. теңге бөлiнсе, оның iшiнде №1 Ленинград орта мектебiн, Ұялы орта мектебiн, «Балдырған» бала-бақшасын күрделi жөндеуге — 82,143 млн. теңге, 25 мектептi ағымдыжөндеуге 2700 мың теңге қаражат жұмсалды.
2 мектепте қазандықтарды шығару жұмыстары атқарылды: олар Ащыкөл мен Қызылту орте мектептерiнде.
2017 жылы ауданның 4 мектебi: Ақжарқын, Бестерек, Алқатерек, Жаңауыл орта мектептерiнiң шатырларын, терезелерi мен есiктерiн күрделi жөндеуге ЖСҚ әзiрлеудi аяқтау оспарланып отыр. Жылыту жүйесiн күрделi жөндеуге ЖСҚ Горьковский мен Бостандық ОМ әзiрленбекшi.
Бiлiм бөлiмiнiң басшысы
Қ. Сәдуов