Меню KDT
Соц. сети
Социально
деловая
среда
Agartu
Социально
образовательная
сеть
Отан Бiлiм
Социальная
сеть Agartu
г. Астана
Социальная
сеть Agartu
СКО
Социальная
сеть Agartu
ЗКО
Социальная
сеть Agartu
Акмолинской
области
Социальная
сеть Agartu
Кызылординской
области
Социальная
сеть Agartu
г. Алматы
Социальная
сеть Agartu
Актюбинской
области
Социальная
сеть Agartu
Атырауской
области
Социальная
сеть Agartu
Жамбылской
области
Социальная
сеть Agartu
Алматинской
области
Социальная
сеть Agartu
ВКО
Социальная
сеть Agartu
Карагандинской
области
Социальная
сеть Agartu
Костанайской
области
Социальная
сеть Agartu
Мангистауской
области
Социальная
сеть Agartu
Павлодарской
области
Социальная
сеть Agartu
ЮКО
Торгов. сети
Единая
торговая
площадка
BMC Sales
BenchMark
Consulting
Школьная
форма от
BMC Sales
Объявления
товаров
Halyk Bazar
Форменная
и спец. одежда
от BMC Sales
Национальная
товаро-
проводящая сеть
BMC Agro
Торговый дом "Асем"
Mektep
Alemi
Туристич. сети
BMC Tourism
dev
Ассоциации
Казахстанская
Ассоциация
IT-компаний
Ассоциация
торговых
предприятий
Ассоциация
кредитных
товариществ
агропромышл.
комплекса
Международная
Федерация
Бухгалтеров
(IFAC)
Единый
портал
КСК
Портал
легкой
промышленности
Казахстана
Союз
производителей
продукции легкой
промышленности
Сервисы
Сервис
профилей
BMC Profile
Учет и продажа
товаров и услуг
BMC Trade
Клиентская база
BMC CRM
Онлайн карта
BMC Maps
Создание сайтов
BMC CMS
База знаний
по системе
Служба
технической
поддержки
Онлайн
тестирование
BMC Exams
Система
Мониторинга
Безопасности
Дистанционное
обучение
BMC Study
Электронная
библиотека
BMC eLib
Безопасная
пища
BMC SafeFoods
Сервис
работы
BMC Work
Сервис
голосований
BMC Votes
Сервис
бизнес
аналитики
Организация
и проведение
конкурсов
Проект
Всеобуч
Прочие
сервисы
в разработке
TG Канал
Telegram Канал
Прилож.
Скачать мобильное приложение
Войти
Қазақша
/
Русский
Единый Образовательный Портал Акжарского района Северо-Казахстанской Области
Главная портала
Учебный процесс
Общеобразовательные учреждения
Общеобразовательные школы
Нормативные документы
Государственные символы
FAQ: Часто задаваемые вопросы
Заявка в школу
Социальная сеть СКО
Портал здравоохранения
Портал культуры
Портал спорта
Блог руководителя
введите текст
Образованная страна
bilim land
<
введите текст
Полезные ссылки
Литературный портал
введите текст
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Жумажанова Данагул Мухтаровнаның шығармашылық есебі
Болашақтың бүгіннен де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімде ғана. Қай ел болсын, өсіп-өркендеуі, әлемде өзіндік орнын алуы сол мемлекеттің біліміне, білім сапасына байланысты екенін ел Президенті Н.Ә. Назарбаев жыл сайынғы халыққа Жолдауында ерекше айтуы да сондықтан. Қазақстан Республикасының білім берудегі басты мақсаты-жан-жақты дамыған, білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой-толғамы бар, адамгершілігі жоғары, бәсекеге қабілетті жеке тұлға тәрбиелеу. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін оқушыға білім мазмұнын терең игертудің тиімді жолдарын іздестіріп, шығармашылыққа жетелейтін қазіргі заман талабына сай ғылыми-әдістемелік біліммен қаруланған, білікті маман, шебер мұғалім дайындау қажет. (1,37-б) Ал жаңа формация мұғалімі-оқыту технологиясының жүйесімен оқушыларды өмірге дағдыландыру құзырлығын айқындау бағытындағы әдіс-тәсілдерді жетік меңгерген тұлға. Жаңа формация мұғалімі болып білімімізді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың деңгейлік бағдарламалар бойынша курстан өттік. Осы курс бағдарламасы негізінде жеті модулді сабақта қалай ықпалдастырып пайдалану жолдарын және оқушылармен кері байланыс жүргізе отырып, сабақтың өтілу барысына талдау жасауды үйрендік. Кері байланыс оқушының оқыту үрдісі қалай өткені және қандай нәтижеге қол жеткізгендігі туралы ой-пікірін тыңдауға негізделеді. Кері байланыс сабақтың соңында ғана емес, сабақ барысында оқушылардың өз бетімен орындайтын тапсырмаларының соңында жүргізіліп отыруы керек. Рефлексия мақсаты-еске түсіру, өзінің сабақ бойындағы іс-әрекетіне баға беру, талдау және мәселелердің шешу жолдарын іздестіру. Мұғалім оқушының кез келген кері байланыс парағын оқи отырып, жұмысының сәтсіз шыққан тұсын және сәтті шыққан қадамын, ендігі іс-әрекетін қалай жақсартуға болатынын алдын-ала біледі. (1,37-б) Сонымен қатар кері байланыс парағы арқылы оқушының үніне құлақ түріп, оқу мен оқытудағы кездесетін кедергілерді айқындап, келесі оқытуға бұдан да жақсырақ дайындалуына түрткі болады. Рефлексия сөзі латын тілінен аударғанда reflexio- кейінге айналым мағынасын білдіреді. Бұл терминді Джон Локи 17 ғасырда енгізген. «Рефлексия- адамның өз істерінің мәнін түсініп, оны ойлану барысында өзіне- өзінің нені, қалай жасағаны туралы толық және анық есеп беруі. Иә, бұл қасиет бойымызда бұрыннан бар деуге болады. Күнде кешкілік бүгінгі ісімізді, айтқан сөзімізді ойша шолып, есеп беріп, ертеңімізге жоспар құрып аламыз. Демек, "рефлексия" деп ат қойып, айдар тақпағанымыз болмаса, бұл әрекет қанымызда бар нәрсе. Бірақ соны қағазға түсіру немесе жүйелі күнделікті түрлендіріп, осы атпен сабақта қолдану болмағаны ақиқат. Осы бағдарлама бойынша білімді дайын күйінде беруден гөрі оқушыны өзі қорытынды жасауға ықпал ету және кері байланыс есебінде түрлі әдістермен рефлексия жасату тиімді екеніне көзіміз жетті. Кері байланыс жүргізу бір күннің іс-әрекеті емес, оған көп уақыт, ізденіс қажет. Мұғалім рефлексия арқылы алынған нәтиженің «дұрыс» не «бұрыс» болғанын дәлелдеп, қолданылған әдіс-тәсілдерінің тиімді не тиімсіз болғанын анықтап, орындалған іс- әрекетін зерделейді. Ең алдымен, мұғалім кері байланыс жасауға оқушыларын дағдыландырып алу қажет. Сонда ғана бұл оң нәтиже береді. Оқушылардың ой- өрісінің дамуы оқу үрдісі кезінде болады, ол оқушының өз бетімен толықтыруы мен өзін-өзі дамытуды қамтиды. Оқушы білім алудың мақсатын саналы түрде түсінсе ғана белсенді бола алады. Қолайлы оқу үшін адамдарға кері байланыс пен мадақтау қажет, сондықтан кері байланыс жүргізілуі тиіс.Ашық сауалдар, оқыту міндеттерімен алмасуң сияқты әдістер оқушылардың өз біліміне белсенді қатысу қабілетіне әсер етеді. Оқушылар жұппен де, өз беттерімен де өз білім деңгейлерін бағалауға және оған жеткенін түсінуге мүмкіндіктер бар.(1,36 б) Рефлексияны әр түрлі әдіс-тәсілдермен сабақтың әр кезеңінде: тақырыптың соңында, сабақ бөлімдерінен кейін және тарау соңында жүзеге асыруға болады. Кері байланысты түрліше өткізуге болады: топтық рефлексия түрінде, әңгімелесу түрінде т.б. Кері байланысты ауызша және жазбаша да жүргізуге болады. Сабақтағы кері байланыстың үш түрі бар. 1. Көңіл-күймен эмоциялық жағдайды анықтауға арналған кері байланыс. Көңіл-күйді білдіретін әр түрлі суреттер, смайликтер және бояу түстерімен анықтау. Мысалы: «Ауа райы», «Бағдаршам», «Алма ағашы». Мысалы «Алма ағашы» әдісінде оқушыларға сабақ басында түрлі-түсті алма беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым, сондықтан көңіл-күйім көтеріңкі, қызыл түсті алма - мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл-күйім жоқ дегенді білдіреді. «Бір сөзбен» әдісі барысында оқушылар берілген сөздердің ішінен бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтын үш сөзді таңдайды. (қуаныш, немқұрайлылық, шабыт, зерігу, сенімсіздік,сенімділік,рахаттану,алаңдау) Қ.Бекхожиннің «Ақсақ Темір мен ақын» балладасын оқытуда «Бас. Жүрек. Қол» рефлексиясын жүргіздік. Оқушылар баспен Ақсақ Темірдің тарихтағы орнын, жорықтарын еске түсірді, жүрекпен баллададағы оқиғаларды сезінгенін және сыныптағы оқушылардың эмоциясына әсер еткенін айтты, ал қолмен тапсырмаларды орындағандарын жеткізді. 2. Сабақтағы іс-әрекетке байланысты кері байланыс. Мысалы: «Табыс сатысы» әдісінде кәдімгі сатының суреті беріледі. 1-ші баспалдағы Мен............. БІЛЕМІН, 2-ші баспалдағы Мен ............ ТҮСІНЕМІН, 3-ші баспалдағы Мен ............... ЖАСАЙ АЛАМЫН. «Салалас құрмалас сөйлем туралы түсінік» тақырыбындағы сабақта оқушыларға алған білімін жинақтау мақсатында «Бір сөйлеммен тұжырымдаңыз» әдісін қолдандым. Мұнда оқушылар жаңа тақырыпты қалай түсінгенін бір сөйлеммен (Мен бүгін салалас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдарын мысалдар арқылы нақты түсіндім) тұжырымдады. «Таңдау» әдісінде бес пікір жазылған парақ беріледі. 1.Мен сабақ қызықты, қызықсыз болды деп ойлаймын. 2. Мен сабақта: көп нәрсені, үйрендім, үйренгенім аз болды. 3. Мен басқаларды мұқият зейінсіз тыңдадым. 4. Мен пікірсайыстарға жиі сирек қатыстым. 5.Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын риза емеспін. Оқушылар өздерінің сабаққа қатысу деңгейі мен ынтасын білдіретін сөздердің астын сызады. 3. Оқу материалының мазмұнына берілетін кері байланыс. Бұрын мен білмеуші едім. Енді мен білемін деген сияқты ой-пікірлерін білдіру боп табылады. Мысалы: «Плюс, Минус, Қызықты». «Плюс»-оң әсер еткен фактілерді, алған білімдері жайлы жазады. «Минус»-қолымнан келмей жатыр немесе түсініксіз болып тұр деген ойларын жазады. «Қызықты» - деген бағанға өздеріне не қызықты болды соны жазады немесе не жайында көбірек білгісі келетінін жазады. «Аяқталмаған сөйлемдер» әдісінде: Мен бүгін білдім.... Мен бүгін сезіндім.. Мен келесі сабақта білгім келеді..............-деген сөйлемдерді аяқтап жазады. 7-сыныпта өткен М. Әуезовтың «Көксерек» әңгімесі бойынша «Маған 3 нәрсені айт» кері байланыс парағы берілді. Оқушылар Сабақта не өттік? Неден табысқа жеттім? Нені терең білгің келеді? деген сауалдарға олар «Көксерек» әңгімесі арқылы қасқырлардың психологиясын түсініп, оларға да қамқорлық керек екенін ұғынғанын және «Құндылық спектрінде» Құрмаштың өліміне кім кінәлі? деп ортаға тасталған сұраққа өздерінің ойларын еркін жеткізге білгендерін, тағы да қасқырлар туралы жазылған аңыз-әңгімелермен танысқысы келетіндіктерін ашып жазды. «Мадақтау сэндвичі» 1-бөлік- не ұнады? 2-бөлік не нәрсені жақсарту керек? 3-бөлік- маған ұнады, бірақ келесі жолы ... . Мұнда оқушылар сабақ соңындағы іс-әрекетіне баға береді. «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» рефлексиясында оқушылар екі ұнаған фактор мен бір ұсынысын білдіреді. Қазақ әдебиеті сабақтарында көбінесе «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» рефлексиясын жиі пайданамыз. Атап айтсақ, Ш. Мұртазаның «Тұтқын бала» әңгімесін қорытындылау кезеңіндегі топтық жұмыста оқушылар әңгімені баяндауда сюжеттен ауытқымау, әңгіме мазмұнын әдеби тілмен баяндау сияқты ұсыныстар айтылды. Жоғарыда келтірілген кері байланыс түрлері жеке оқушының жұмысына бағытталған.Сонымен қатар оқушылардан топтық кері байланысты алуға болады.Бұнда жеке өзінің пікірі емес,жалпы топтың пікірі,топтағы жұмыстардың нәтижесі алынады. Топтық кері байланыс сұрақтары: 1.Жұмыс барысында топтағы қарым-қатынас тапсырманың орындалуына қалай әсер етті? • Жұмыстың тиімділігін одан әрі арттыруға көмектесті; • Жұмыстың жақсы жүруіне кедергі болды; • Біздің қарым-қатынасымыз тапсырманы нақты орындауға мүмкіндік бермеді; 2.Топтағы қарым-қатынас әсіресе қай дәрежеде көбірек іске асты? • ақпарат алмасуда; • Өзара қарым- қатынаста; • Осы дәрежелердің бәрінде іске асты; 3.Жұмыс барысында қарым-қатынас жасаудың қай стилі басым болды? • Бір адамға бағытталған стиль • Тапсырманы орындауға бағытталған стиль. 4. Топтағы орындау барысында топта ауызбіршілік сақталды ма? • Топта ауызбіршілік пен серіктестік қарым-қатынас сақталды; • Топтағы бірлік, ауызбіршіліктің бұзылғаны байқалды; Негізінен рефлексия адамның үш қасиетін: өз бетімен білім алуын, шешім қабылдай білуін, бақталастыққа түсе білуін қалыптастырады. Өйткені бұл -ХХІ ғасырдың талабы. Сонымен қатар кері байланыс арқылы оқушылар өз-өзіне есеп беріп, өз-өзін реттеуге дағдыланады. Оқушылар ойлауға, сөйлеуге, өзін-өзі дамытуға еркін қол жеткізе алады. Кері байланыс жасауға сабақтың белгілі бір уақытын бөліп, олардың ой-пікірлерін шыдамдылық танытып тыңдау қажет. Кері байланыс жасау арқылы бұрынғы сабақтарда енжар отыратын оқушының себебін анықтап, олардың белсенділігін арттыруға жол іздеуге болады. Кері байланыс оқушы үшін-өз жетістіктері мен қателіктері туралы ойлану, алға жылжу үшін ұсынба алу; мұғалім үшін өз қызметіне қажетті өзгерістер енгізу мақсатында алынатын ақпарат (2,22 -б) Кері байланысты жасағанда мына жайттарды есте ұстаған жөн: кері байланысты жұмысымызды жақсартудың ең тиімді нысаны ретінде сабырлылық таныту, кері байланыстың субъективті болатынын ескеру,кері байланыс жасалған істі бағалау емес, не жасалу керектігін көрсету. Сонымен бірге кері байланыс оқумен оқытудың қалай жүріп жатқандығын, оның сапасын анықтауға мүмкіндік береді. Қорытындылай келгенде, рефлексия- көп қырлы, кіріккен әрекет. Бұл әрекет оқушының психикалық қызметінің өзгеруіне ықпал етсе, ал мұғалімнің кәсіби әрекетін жоғары шығармашылық деңгейде жүргізуіне көмегін тигізеді. Рефлексия, яғни кері байланыс- нәтижелі білімнің жоғары көрсеткіші екенін бүгінгі күндегі оқушылардың жеткен жетістіктері арқылы толық сеніммен айта аламыз. Бүгінгі таңда күнделікті сабақтарымызда рефлексия жасауды дағдыға айналдырып келеміз. Рефлексия арқылы оқушының қажеттіліктерін біліп, оларды жинақылыққа тәрбиелеуге болатынын түсіндік. Сабақтағы оқушының ой-пікірін, көңіл-күйін біліп қана қоймай, сабақ мазмұнын қай деңгейде меңгергенін анықтауға болады. Сонымен, кері байланыстың тиімділігіне тоқталар болсақ: Оқушылар үшін: 1-ден, рефлексия-оқушыны өз-өзіне есеп беруге баулиды; 2-ден, рефлексия арқылы оқушының қажеттілігін біле аламыз; 3-ден, рефлексия арқылы оқушының өзіндік көзқарасы қалыптасады; 4-ден, рефлексия арқылы білім беру барысының сапасын жақсартуға болады және рефлексияның нәтижесінде оқушының сыни көзқарасы қалыптасады, өз-өзіне баға бере алады. Мұғалімдер үшін тиімді жағы:1-ден,оқытудағы кемшін тұстарын анықтайды; 2-ден, келесі сабақтың жоспарына өзгерістер енгізуге, түзетуге яғни оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін таңдауға мүмкіндік береді; 3-ден, уақытты үнемді пайдалануға мүмкіндіктер береді.(3.15-б) Кері байланыстан күтілетін нәтижелер: -мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас жақсарады; -оқушы өзінің мықты, осал тұсын анықтайды және алға жылжуға ықпал етеді; -оқушы тек бағалауды ғана емес, өз жұмысынан хабардар бола отырып, оқуға қызығушылығын арттырады; -мұғалім мен оқушы кері байланысына қарай өз жұмыстарын ұйымдастыруға бағытталады; Сондықтан да кері байланыстың тиімділігі арқылы оқыту мен оқу сапасын жақсартуға болады деп ойлаймыз. Пайданылған әдебиеттер: 1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші басылым-2012 жыл 2. «Оқытудың нәтижелерін бағалаудың әдістемесі» - Зулкашева Ш.М. Орал 2013 3.«Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл» журналы №8-9 2015 жыл
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии
Чтобы оставлять комментарии
авторизуйтесь