Меню KDT
Соц. сети
Социально
деловая
среда
Agartu
Социально
образовательная
сеть
Отан Бiлiм
Социальная
сеть Agartu
г. Астана
Социальная
сеть Agartu
СКО
Социальная
сеть Agartu
ЗКО
Социальная
сеть Agartu
Акмолинской
области
Социальная
сеть Agartu
Кызылординской
области
Социальная
сеть Agartu
г. Алматы
Социальная
сеть Agartu
Актюбинской
области
Социальная
сеть Agartu
Атырауской
области
Социальная
сеть Agartu
Жамбылской
области
Социальная
сеть Agartu
Алматинской
области
Социальная
сеть Agartu
ВКО
Социальная
сеть Agartu
Карагандинской
области
Социальная
сеть Agartu
Костанайской
области
Социальная
сеть Agartu
Мангистауской
области
Социальная
сеть Agartu
Павлодарской
области
Социальная
сеть Agartu
ЮКО
Торгов. сети
Единая
торговая
площадка
BMC Sales
BenchMark
Consulting
Школьная
форма от
BMC Sales
Объявления
товаров
Halyk Bazar
Форменная
и спец. одежда
от BMC Sales
Национальная
товаро-
проводящая сеть
BMC Agro
Торговый дом "Асем"
Mektep
Alemi
Туристич. сети
BMC Tourism
dev
Ассоциации
Казахстанская
Ассоциация
IT-компаний
Ассоциация
торговых
предприятий
Ассоциация
кредитных
товариществ
агропромышл.
комплекса
Международная
Федерация
Бухгалтеров
(IFAC)
Единый
портал
КСК
Портал
легкой
промышленности
Казахстана
Союз
производителей
продукции легкой
промышленности
Сервисы
Сервис
профилей
BMC Profile
Учет и продажа
товаров и услуг
BMC Trade
Клиентская база
BMC CRM
Онлайн карта
BMC Maps
Создание сайтов
BMC CMS
База знаний
по системе
Служба
технической
поддержки
Онлайн
тестирование
BMC Exams
Система
Мониторинга
Безопасности
Дистанционное
обучение
BMC Study
Электронная
библиотека
BMC eLib
Безопасная
пища
BMC SafeFoods
Сервис
работы
BMC Work
Сервис
голосований
BMC Votes
Сервис
бизнес
аналитики
Организация
и проведение
конкурсов
Проект
Всеобуч
Прочие
сервисы
в разработке
TG Канал
Telegram Канал
Прилож.
Скачать мобильное приложение
Войти
Қазақша
/
Русский
Единый Образовательный Портал Акжарского района Северо-Казахстанской Области
Главная портала
Учебный процесс
Общеобразовательные учреждения
Общеобразовательные школы
Нормативные документы
Государственные символы
FAQ: Часто задаваемые вопросы
Заявка в школу
Социальная сеть СКО
Портал здравоохранения
Портал культуры
Портал спорта
Блог руководителя
введите текст
Образованная страна
bilim land
<
введите текст
Полезные ссылки
Литературный портал
введите текст
Қазақ тілі мұғалімі Жумажанова Д.М "Көшбасшы" атты интеллектуалдық ойын сабағы
Қазақ тілі Т1 Мектеп атауы: Бостандық ОМ Бөлім атауы 2-бөлім: Киіну. Сән. Талғам. Сабақ тақырыбы Ұқсатымдылық, талғам және сән Уақыты: Мұғалімнің аты – жөні: Жумажанова Д.М Сынып: 5 Қатысқан оқушылар саны: Қатыспағандар: Сабақтың оқу мақсаттары О6 Оқылым стратегияларын қолдану. Оқылым стратегияларын қолдану: жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу. Сабақтың мақсаттары Оқушылардың барлығы: Мәтіннің жалпы мазмұнын толық түсінеді; Оқушылардың көпшілігі: Мәтінді тез және тиімді оқып түсіну, керек ақпаратты жылдам тауып, өңдей алады; Оқушылардың кейбіреуі: Мәтінді тиімді оқып-білу жолын меңгереді; Астарлы ойдағы маңызды ақпаратты креативті жеткізіп, дербес ой білдіреді. Тілдік мақсаттар Пәндік лексика мен терминология: Қыстырма сөздер, қарапта сөздер, одағай сөздер, орфоэпиялық норма Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер: Ұқсатымдылық, менің ойымша... «Сыпайы тоңбайды, қалтырайды» дегендей,... Ретімен киіне білсек,... «Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді» демекші,... Қорытындылай келе... Бағалау критерийлері 1. Мәтінді түсінгендігін, зерттегендігін көрсетеді; 2. Жұмысты нұсқаулыққа сай орындайды; 3. Мәтіннің тақырыбы мен идеясын ашады; 4. Жүйелі (кіріспе бөлім, негізгі бөлім, қорытынды бөлім)айтылым жасайды. Пәнаралық байланыс АКТ, өзін-өзі тану, өнер, әдебиет, тіл АКТ –ны қолдану дағдылары Таныстырылым Құндылықтарды игерту • Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет • Ынтымақтастық Сабақтың түрі Білімді пысықтау сабағы Алдыңғы білім «Ұлттық киімдер дүкенінде» тақырыбында диалог құру Жоспар Кезеңдер Жоспарланған жаттығулар Дерек көздері Сабақтың басы Оқушылармен амандасу. Әр топ «3 қимыл, 1 сөйлем түрінде» сәлемдесудің түрін көрсетеді, ынтымақтасады. Шағын 4 шеңберде отырып,«Ұлттық киімдер дүкенінде» тақырыбында құрылған диалогін оқып береді. Топ бағалаушылары «2 жұлдыз, 1 тілек» түрінде бағалайды. «Әңгіме пирамидасы»,«Ақпараттар карточкасы»,«Даналық ағашы» сөздерімен 3 топқа бөлінеді, 4-топ сарапшылар болып тағайындалады. Топ атауларына талдама жасайды. Негізгі бөлім Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаты таныстырылады. Ұқсатымдылық, талғам және сән С.Оқылымалды тапсырмасы. Пікірлесу сұрақтары –«Ұқсатымдылық» сөзін қалай түсінесіздер? –Кім қалай киінгенді жақсы көреді? – Неліктен көшеде шалбар киген қыздар, шашын өсірген жігіттер көп? Оқушыларға «Сән.Талғам» тақырыбында мәтін беріледі. Оқылым тапсырмасы Т/Ж. 1-топ. «Әңгіме пирамидасын» құрады. Шарты: Топ мүшелері пікірін плакаттың өз жағына жеке жазып, ортада талқылап ортақ мәтін қалыптастырады. Топтың әрмүшесі таратылған флипчарт қағазға тапсырмаға байланысты жеке өз ойларын жазады. Қағазды бұру арқылы бір-бірінің жауабымен танысады. Жауаптарымен танысып, ортақ пікірді қағаз ортасына жазып, ойларын қорғайды. Бағалау критерийі: Өз ойын нақты жаза білуі; Өз ойын жазғанда 2 мақал-мәтел,2 фразеологизм қолдана алуы; Қорытынды ойды дәлелмен жазу. 2-топ. «Төрт сөйлем» тәсілімен орындайды. Шарты: 4 сөйлемнен тұратын мәтін жазады. 1. Пікір. Тыңдаған мәтін бойынша өзіндік пікірін бір сөйлеммен жазады. 2. Дәлел. Өз пікірін бір сөйлеммен дәлелдейді. 3. Мысал. Пікірін өмірмен байланыстырып, мысал келтіреді. 4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарады. Бағалау критерийі: Ойды жүйелеп, бір сөйлеммен толық жеткізе білу Әр сөйлемді құрмалас сөйлем түріне келтіруі 3-топ. «Даналық ағашы» әдісі бойынша тапсырма орындайды.Шарты: Ағашты мәтін деп алса, бұтақтарынакөтерген мәселелерін, жапырақтарынаақпараттарды жазады. Топпен айтылым жасайды. 4-топ. Сарапшылар бағалайды. Бағалау критерийі: 5. Мәтінді түсінгендігін, зерттегендігін көрсетеді; 6. Жұмысты нұсқаулыққа сай орындайды; 7. Мәтіннің тақырыбы мен идеясын ашады; 8. Жүйелі (кіріспе бөлім, негізгі бөлім, қорытынды бөлім)айтылым жасайды. Берілген тапсырмаларды оқушылар топтық формада орындайды. Ж. Мәтінмен жұмыс. Жалпы мәтіннің мазмұнын түсіну үшін оқу Мұғалім оқушыларға мәтінді өз бетімен толық оқу үшін уақыт береді. Оқушылар оқиды. Олардың мәтін мазмұнын қаншалықты деңгейде түсінгенін байқау үшін тапсырма беріледі. Ж. Оқушылар мәтін не туралы екенін білу үшін мәтінге 2 минутта көз жүгіртіп шығады. Сұрақтар: – Мәтінде не туралы айтылған? – Қандай ой айтылады? Оқушылар болжам жасайды. Нақты ақпаратты табу мақсатындағы оқу Мұғалім оқушыларға мәтіннен нақты ақпаратты табуға бағытталған сұрақтар ұсынады. Оқушылар сұрақтар бойынша мәтіннен жауабын табады. –Ең негізгі ақпарат қайсысы деп ойлайсыз? – Автор қандай ой ұсынады? –Қорытындысында не айтылады? Топ мәтіндері. 1-топ.Киімді дұрыс таңдай біліңіз Адам көркі – шүберек. Сіздің әдемі көрінуіңіз, ең алдымен, киген киіміңізге байланысты. Дегенмен, адам, өзінің талғамына сүйенуі керек. Кейде шкафтың есігін ашып қалсаң, үстіңе ілетін бір дені дұрыс киім таппай әбігерге түсесің. Бұндай жағдай барынша жиі болады. Шалбарлар толып жатыр, ал мына жейдемен сәйкес келетін ешқайсысы жоқ!.. Сондықтан, ең алдымен жүрегіңіз қалаған стильді анықтап алыңыз! Әр түрлі жерлерге киіп баратын киімдеріңізді жұбымен алғаныңыз жөн. Тізім жасаңыз. Алдымен өзіңіз қызығатын киімдердің тізімін жасап алыңыз, сосын өзіңізде бар киімдерді қайтадан қарап шығыңыз. Қолыңыздағы тізімге сүйене отырып, қай киімді қалдырып, қай киімді лақтырып тастау керектігін анықтаңыз. 1-2 жыл бойы киген киіміңізді ойланбастан лақтыруға болады. Киімнің қымбатынан бұрын, өзіңізге үйлесетінін таңдаңыз. Киімнің түсін жыл мезгіліне сәйкестендіріп алғаныңыз жөн. Басты қағидасы –түстердің өзара сәйкес келуі. Тағы бір қатаң қағида: бір үлгіде үш түстен артық түс болмағаны жөн. Ал, егер киіміңіз алабажақ не әртүрлі түстен болса, онда аксессуарыңыз бір ғана түстен болсын. Киімді мүсініңізге сай таңдағаныңыз дұрыс. Мүсіні әдемі адамдарды көргенде, еріксіз күрсініп, "Шіркін, менің де мүсінім осындай болса ғой!.." деп армандаумен шектелеміз. Бар мәселе – мүсін мінсіздігінде емес, бар мүсініңізді пайдалана алуыңызда. 2-топ.Әдемілік – талғам жемісі Қыз бала 14-15 жасқа жетісімен-ақ бой түзей бастайды. Үсті-басын таза ұстап, сәнді киінуге, өзінің есейгенін сезіп, айналасындағыларға әдемі, сымбатты көрінуге тырысады. Осы айтылғандар – шаш күтімі, бет, тіс күтімі сияқты кісіге ажар беретін косметикалық-гигиеналық атрибуттар. Бойжеткенге сырт келбетке қарау, оған уақыт табу, киім киюде өзіндік өрнегіңді іздеуге ұмтылу, бет-ауызға шетелдік опа-далапты жаға салудан әлдеқайда қиын. Модаға сай киіну – қымбат киімдерің болсын деген сөз емес: ол – азғана киімнің болып, соны ұқыптылықпен, орны-орнымен, сәнімен киіну, яғни үстіндегісінің бәрі бір-бірімен үйлесіп тұрсын деген сөз. Қыз баланың талғаммен киінуінің бір сыры – өз тұрқының кейбір табиғи кемістігін жасырып, жақсы жағының бәрін айқын көрсете алатындай, яғни моданы өзіне бейімдей ала білуінде. Көрік деген тек әсемдік, әдемілік деп түсіндірілсе, онда ол жансыз бұйым ғана болар еді. Қадыр Мырза Әлінің қанатты сөздерінде «Әдемі қыз – көзіңе жақын, әдепті қыз – көңіліңе жақын» – деген сөздер бар. Әлбетте, қазіргі кезеңде әдепті болып, елдің көркіне айналу – кез-келген жанның қолынан келе бермейтіні де ақиқат. Бүгінгі күні ана тәрбиесімен бірге көше тәрбиесі де әсер етуде. Қызды да, ұлды да орта тәрбиелейді. Ата-ана жеңілтектіктен бойларын аулақ ұстауға, қыздарға тән ізеттілік пен инабаттылықты бойларына сіңіріп, өсіруге тырысуда. 3-топ.Өз орнын тапқан жарасымдылық Күлкінің қымбат екенін ұғындырып, «Жігіттің күлегеші – атының соры, қыздың күлегеші – бақытының соры» деп тәрбие берілуде. Бұдан шығатын қорытынды: қыздың сыры ішінде болып, жұмбақ қалпын берік ұстанғаны абзал. Осы орайда ақын Қадыр Мырза Әлі: «Қыздың сыры – шөлдің суы сияқты, тереңде ғой, тереңде ғой, тереңде» десе, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов: «Мағынасыз жылтырақты сақтамайды ел еске, шын сұлулық тереңдікте емес пе?» дейді. Барлығының түйіні бір тереңдік – ақыл, парасат, ұстамдылық. Өзге жұрттың жылтырағанынақызығып, оны талғаусыз қабылдай беру қашанда ұлт бітімі үшін жақсылық әкелмейді. Қаракөз қарындастарымыз әрқашан ақылды, арлы, ибалы болса, әсем де сүйкімді көрінеді. Өйткені «Өңді қыздың бәрі жөнді қыз бола бермейтіні» сияқты адамның қымбаты ақылы мен ары арқылы айқындалады. Адамның сыртқы сымбаты мен ішкі қымбаты қабысса ғана, жарасымдылық өз орнын табады. Заттар өмірлік құндылыққа ие бола алмайды: сән өзгереді, киім тозады, машиналар сынады, телефондар жоғалады. Жаңа заттарды қуалау – тұлғаны қызықсыз, шектелген адамға айналдыруы мүмкін. Ж.Оқылымнан кейінгі тапсырма Мәтіндегі негізгі ақпараттарды қазіргі өмірмен байланыстыра отырып, өз мәтініңізді жазу тапсырылады. Қолдануға ұсынылатын сөздер: Ұқсатымдылық, менің ойымша... «Сыпайы тоңбайды, қалтырайды» дегендей,... Ретімен киіне білсек,... «Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді» демекші,... Қорытындылай келе... Бағалау критерийі: 1. Белгілі бір жанрда мәтін құрастыра алады; 2. Құрылымы сақталған; 3. Сауатты жазады(3 қате есептелмейді). ҚБ. Бағалаушы сарапшылар топтарға өз бағаларын береді. Өзара жұптық, топтық, өзіндік бағалау және мұғалімнің критерийлер арқылы бағалауы жүзеге асады. http://www.kyzdaralemi.kz/adistemelik-burish/186-2013-04-01-13-42-10.html http://bilimdiler.kz/tehnologia/2444-san-ugymy-stil-turleri.html Мазмұнын түсіну үшін оқу немесе көз жүгіртіп оқу (skimming) – мәтіндегі жалпы идеяны түсіну үшін тез оқып шығу. Нақты ақпараттарды табу үшін оқу (Scanning) – мәтін ішіндегі ақпараттарды тауып алу үшін оқу, яғни ол үшін тұтас мәтінді түсініп оқу, мазмұнын білу маңызды емес. Мысалы, мәтіннен қажет пайыздық көрсеткіштерді, жылдарды немесе қажетті сөздерді тауып алу. Детальді түрде оқу- әрбір сөздің мағынасын түсіну үшін мәтінді сөзбе-сөз оқу. Мәтін құрылымын түсіну – Мәтін құрылымының ұйымдастырылуын түсіну. Мысалы, кіріспе бөлім, негізгі бөлім, қорытынды бөлім. Қорытынды Үйге тапсырма Кері байланыс 1.Сіз үшін жаңа ақпарат... 2.Не қиын болды? 3.Не оңай болды? 4.Нені ескеруім керек? «Менің ең жақсы көретін сәнді киімім» тақырыбында диалог құрастыру. Дыбыс үндестігіне талдау Қосымша мәлімет Рефлексия Сабақ / оқыту мақсаты қолжетімді болды ма? Оқушылар нені білді? Сыныпта қандай ахуал қалыптасты? Уақыт бойынша үлгердім бе? Сабақ жоспарынан ауытқушылық болды ма? Болса неге? Қорытынды бағалау. Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру және оқыту жайлы ойланыңыз)? Қандай екі жағдай сабақты жақсырақ өткізуге мүмкіндік берер еді (сабақ беру және оқыту жайлы ойланыңыз)? Жалпы сынып немесе жеке оқушылар жайлы мен не білдім? Келесі сабақтарға дайындалу барысында бұл мәлімет қандай көмегін бере алады?
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии
Чтобы оставлять комментарии
авторизуйтесь