Тамақтандыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша
2014 жылдан бастап депутаттар бастамасы және мектеп директорларының ұсынысымен тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтер мен тауарларды таңдау, тамақтандыру сапасына әсер ететін демпингтік бағалар болуына, сонымен қатар директорлардың тікелей бақылау мүмкіндігі болмауынан, мемлекеттік сатып алулар жүйесінен алынды.
Бүгінгі күні орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз ету Ережелері әзірленді (БҒМ 31.10.2018ж№598бұйрығы).
Оқушылардың сапалы және қауіпсіз тамақтандыруын ұйымдастыру мақсатында Ережелерде білікті қызметкерлері бар (жұмыс тәжірибесі, аспаздар квалификациясы, технологтар мен диетологтар, азық-түлік өндірісі, энергия үнемдегіш құрылғыларының болуы), қызметті дұрыс ұйымдастыра алатын жалға алушыны таңдау критерийлері қарастырылған.
2018 жылдан бастап азық-түлікті дұрыс сақтау, дайын тағамдардың сапасын арттыру үшін мектеп асханаларының материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмі енгізілді.
Сонымен қатар, Ережелер бойынша конкурстық комиссия құрамына үкіметтік емес ұйым және ата-аналар қоғамы, қорғаншылық комитеті, аумақтық қоғамдық денсаулық сақтау органдарының өкілдері кіреді.
Ереже бойынша тамақтандыруды ұйымдастыруда табиғи өнімдерді қолдану үшін жалға алушылардың азық-түлік өндірісінің (шаруа немесе шаруа қожалығы, жылыжайжәне т.б.) болуы және отандық өндірушілер тауарларын сатып алуы үшін қосымша балл алады.
Тағамдардың, азық-түліктердің және аспаздық өнімдердің тұтынушылық, органолептикалыққасиеттері, дайындау және технологиясы мен өндірістік жағдайлары балаларға арналған азық түлік қауіпсіздігі тұрғысынан Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттеріне сай болуы қажет.
Келісімшартты бұзу немесе дұрыс орындамау жағдайында, келісімшарт сот шешімі бойынша бұзылып, жалға алушы жосықсыз деп жарияланады (БҒМ 31.10.2018ж №599 бұйрығы).
2015 жылы оқушыларды сапалы тамақтандырумен қамтамасыз ету мақсатында Министрлік пен Қазақ тағамтану академиясы бірігіп, алғаш рет мектеп оқушылардың жас ерекшеліктері ескерілген бір реттік тамақтандыру нормалары (ҚР Үкіметінің 12.03.2012ж.№320 қаулысына өзгерістер енгізілді) әзірленді.
Аталған нормаларда балалар ағзасына қажетті микронутриенттер: дәрумендер, минералдық заттар және микроэлементтер алуы қарастырылған.
2018 жылы 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында, сонымен қатар білім беру ұйымдары оқушыларын дұрыс тамақтандыру сапасын арттыру мақсатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мектеп оқушыларының тағам рационы бойынша бірыңғай стандарттарын әзірледі.
2019 жылдан бастап Министрлік білім беру ұйымдарының тамақтандыруды ұйымдастыруына нысанға бармай-ақ бақылау іс-шараларын жүргізуге мүмкіндік беретін, камералық бақылауды енгізді.
Сонымен қатар, Министрлік Қаржы министрлігімен бірлесіп, конкурстық рәсімдерді мемлекеттік сатып алулар порталы арқылы жүргізетін электрондық форматқа ауыстыруды қарастыруда.
Бүгінгі күні қызмет көрсетуді мектеп қызметкерлері, сондай-ақ ата-аналар қауымы тарапынан заңды түрде тұрақты бақылау мүмкіндігі қарастырылған. Әрбір мектепте тамақтандыруды бақылау комиссиясы қызмет етеді. Комиссияны мектеп директоры басқарып, құрамына мектеп медбикесі, педагогтар, ата-аналар комитеті мүшелері, қамқоршылық кеңесі кіреді.
Ереже бойынша жалға алушы ай сайын білім беру ұйымы басшысына сапасын куәландыратын құжаттары бар қолданылатын азық-түлік тізімін тапсыруы тиіс.
Күнделікті медициналық қызметкер немесе жауапты тұлға дайын тағамдарға органолептикалық бағалау жүргізіп, тағамдар және аспаздық өнімдерге органолептикалық бақылау журналына жазба жүргізеді.
Осылайша, оқушылардың тамақтану сапасына мектеп әкімшілігі тарапынан әсер етуге қажетті мүмкіндік жасалған. Аталған мәселеде білім беру ұйымы басшысының (бракеражды комиссия төрағасы) жауапкершілігі жоғары.
Сондықтан, Министрліктің мектептегі тамақтандыруды ұйымдастыру сапасын арттырудағы негізгі қызметі – бракеражды комиссияның тамақтандыру сапасын бақылау қызметіне ақпараттандыру жұмысын кең көлемде ұйымдастыру. Сонымен қатар, оқушылар мен ата-аналарға тамақтандыру дұрыс ұйымдастырылмаған жағдайда не істеу керектігін түсіндіру.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау