24-25 қаңтар аралығында аудандық "Жарқын болашақ" атты олимпиада өтті. Бұл сайысқа мектебімізден 6,7,8,9 сынып оқушылары қатысты. "Сөз шеберлері" конкурсы бойынша 1 - орынды Кәрібай Диана алса, Жанарбек Жансая 2 - орынды иеленді, "Әнші - бұлбұлдар" наминациясынан Газизова Айжанар " 1 - орынды жеңіп алды. "Тілші - әдебиетшілер" конкурсынан Атабай Гүлхана 2 - орынды иеленді. Және аудандық Қадыр оқуларынан " Қуып шығар қызыл сөзді ой кейін.." шығармашылық бойынша 8-сынып оқушысы Набиев Лекер "Гран при" иегері атанды, ал " Кейбір жырым дән ұшырып қырманда, кейбір жырым бақташы боп жүр маңда" атты Қадыр Мырза Әлі әндерін орындау конкурсынан Бахытжан Ризагүл 2 - орынды қанағат тұтты , "Сөзің бәрі құдыретті..." конкурсынан Шамшиева Диана а 2 - орын иегері атанды.