«100 нақты қадам» – бұл ЖАҺАНДЫҚ ЖӘНЕ ІШКІ СЫН-ҚАТЕРЛЕРГЕ ЖАУАП және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда ҰЛТТЫҢ ДАМЫҒАН МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ОТЫЗДЫҒЫНА КІРУІ ЖӨНІНДЕГІ ЖОСПАРЫ болып табылады.Біздің мақсатымыз жаңа оқулықтармен бірге тілдік қарым-қатынас жасау үшін қажетті оқытудың мақсаты мен мәдени сөйлеу мәселелерін назарға алу туралы зерттеулер әдіскер ғалымдарымызды,гуманитарлық бағытта оқыту міндеттерін жаңаша шешуге әкелді.Бұған мұғалімдерге арналған шешендік өнер,сөйлеу мәдениеті,практикалық стилистика туралы әзірленген көптеген оқу құралдары әдістемелік нұсқаулар дәлел бола алады. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыруға қатысты ауқымды іс-шаралардың қатарында елімізде тілдерді дамыту мәселесі де бар. Осыған байланысты Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Ондағы ең басты қағидат – үштілді білім беру моделін қалыптастыру және оны дамыту. Өйткені, бүгінгі және болашақ ұрпақ жаһандану үдерісінен қалып қоймауы тиіс. Үштілділік қай кезде де, қай жерде де қажет екенін өткен уақыт дәлелдеді. Оның бүгін де, ертең де, одан кейін де керек болатынын көптеген елдердің тәжірибесі көрсетті.
Еске сала кетейік, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласында 2015 жылғы 6 мамырда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамын белгілеп берген болатын.
«Ленинград №2 орта мектебі» КММ директоры Ережепова С.К.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау