17.03 - 1-4 сынып оқушыларға арналған «Қош келдің, Наурыз!» мереке ұйымдастырылды, жауапты Есимов А.О. Бастауыш сынып оқушылары өз өнерлерін жиналған ата-аналарға, ұстаздарға көрсетті. Барысында ата-аналар, оқушылар арасында «арқан тарту», «қол күрес», ұлттық ойындар жүргізілді. Бастауыш сынып оқушылардың ата-аналары салт-дәстүрлерді көрсетті: «Бесікке бөлу» /4с./, «Қырқынан шығару» /3с./, «Ат қою» /2с./, «Қөрісу» /1с./
Әр сыныптар дастарқан жайып, аналар дайындаған наурыз көжеден дәм татып, шашу шашылды.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау