Меню KDT

Блог руководителя

введите текст

Білімді ел

bilim land

block2_eop.png?_=1495528154
<

 введите текст 

введите текст

Наукан «Бес – ең үздік баға»

«Бір»дегенім жаман баға,
Алады оны жаман бала.
«Екі»дегенім нашар баға,
Інішегім нашарлама.
«Үш»дегенім орта баға,
Сапасы да орта ғана.
«Төрт»дегенім жақсы баға,
Алады оны жақсы бала.
«Бес»дегенім үздік баға,
Оқитын бол үздік қана –

деп барлығымыз сабақ басталмас бұрын осындай өлең жолдарын оқып бастайтынбыз. Сол кезде көңіліміз көтеріліп, үздік бағаға тырмысып оқитын едік. Қазір де дәл солай... Жаңа 2017 жылмен бірге біз мектебімізде жаңа науқан ұйымдастырдық. Науқан «Бес – ең үздік баға» деп аталады. Аталмыш науқан қаңтардың 23 жұлдызынан бастап ақпанның 25 аралығында жалғасты. Науқан көлемі бір айға созылды. Осы жұмыстың негізгі мақсаты оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, сынып ішіндегі ұйымшылдық қасиеттерін дамыту, жасаған жұмысына және сынып атқарған жұмысқа өз үлесін қосып отыру болып табылады. Әр сыныптың топбасшысы апта сайын сап түзеуде есеп берді. Апта бойы жасаған жұмысы жайлы қысқаша ақпарат беріп, сынып бойынша бестіктердің санын айтып отырды. Топбасшылардан берілген ақпарат мектеп тәлімгерінің жеке кестесіне жазылып отырды. Науқан аяқталған кезде жиналған ұпай саны пайыздық өлшемге салынып есептелді.

Сынып

Бала саны

Баға саны

Пайыздық өлшемде

5/7

7

82

11,7

6

9

365

40,5

7 «А»

4

124

31

8

6

205

34

9

8

160

20

Жеңіске 6-сынып оқушылары жетті. Өздерін жақсы жағынан көрсетіп, жұмыла жасаған жұмыс өз жемісін көрді. Мектебіміздегі үй жұмысын уақытында жасамайтын оқушылар саны азайды, сабақты себепсіз босататындар саны төмендеді. Науқанның қойған мақсаты орындалды. Алдағы уақытта ұқсас науқандарды тағы да ұйымдастырамыз деген ойдамын.

 

                                                                                                                                                                                                        Мектеп тәлімгері С.А.Калиева


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь