 
		
		
		
					 
        
04.03.17 күні  №2 Ленинград орта мектебінде “Аяулы  анашым” атты, 1-ші сыныптар арасында шағын концерт  өткізілді. Мектеп оқушылары , наурыз мерекесіне орай, аяулы аналары мен құрметті ұстаздарын құттықтады. Би билеп, ән шырқаған оқушылар қонақтарға көктем көңілін сыйлады.  Бірінші рет мектеп табалдырығын аттаған 1-ші сынып оқушылары, кішкентай болғанымен  бар күш-жігерлерін аямай, сахна төрінде өз өнерлерін паш етті. Мұғалімдер мен аналар балалардан 8 наурызға арналып жасалған сыйлықтарын қолдарына алды. Осылайша, жарқын көңіл күйге толы мереке жақсы аяқталды.
                                                                                   Мектеп тілшісі: Еренгайпова Мадина
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
