The Leader of the 21 Century
Ақпанның 17-күні 7-9 сынып аралығында ағылшын тілі пәнінен «XXI ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалдық ойын өткізілді. Бұл ойынның мақсаты ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру болып табылады. Ағылшын тілі – бүгінгі заманымыздың кілті, ақпараттық технологияның, компьютер технологиясының кілті деуге болады. Қазіргі заманда ағылшын тілі «21 ғасырдың», халықаралық бизнес, қазіргі ғылым мен технологиялар тілі мәртебесіне ие болды.
Мектептің үздік оқушылары білімдерімен сайысып, өнерлерін көрсетті. Сайысқа 7 «А» сынып оқушысы Шортанов Арулан, 8«Ә» сынып оқушысы Өміртас Ясин 8 «А» сынып оқушысы Темірғали Темірлан, 9 «А» сынып оқушысы Каирбекова Анель, 9 «Ә » сынып оқушысы Молхы Сабила қатысты.
Интеллектуалдық ойын 5 кезеңнен тұрды.
Сайыстың нәтижесі бойынша 8 «Ә» сынып оқушысы Өміртас Ясин 1- орынға ие болды. Жоғары деңгейде ойын көрсеткен ойыншыларға мадақтамалар табыс етілді. Сайыста оқушылар терең білімін, ойының ұшқырлығын көрсетті.
Іс-шараны ұйымдастырған
іс-тәжірбие жинақтаушы
Қизат Гүлжанат
Жанайдар Мусин атындағы
педагогикалық колледж 4 курс студенті
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау