2016 жылдың 16 желтоқсанында - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерей тойы. Бұл мемлекетіміз халқымыз үшін ең басты әрі құнды мерекелерінің бірі. Тәуелсіз еліміз ширек ғасырға жуық уақыт ішінде қаржы дағдарысының қиындықтарына қарсы тұра білді, тұрақты даму жолына түсіп, биік белестерді бағындырды, толғай жетістіктерге қол жеткізді, әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енді. 130-дан астам ұлт өкілдері Қазақ даласында бейбітшілік пен татулықта өмір сүруде.
Осы мерекемізге орай №2Ленинград орта мектебінің оқушылары «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне - 25 жыл » тақырыбына сурет көрмесін ұйымдастырды. 130-дан астам ұлт өкілдерінің тату өмір сүріп жүргендерін, ҚР туын, елтаңбасын, ҚР кең байтақ жерлерін бейнелеген.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау