Меню KDT

Блог руководителя

введите текст

Білімді ел

bilim land

block2_eop.png?_=1495528154
<

 введите текст 

введите текст

«Болашақ бүгіннен басталады» – атты 1 Наурыз - Алғыс айту күні

Бестерек орта мектебіндегі
«Болашақ бүгіннен басталады» – атты 1 Наурыз
- Алғыс айту күніне арналған салтанатты жиын турылы ақпарат

 Салтанатты түрде жиынымыз музыка әуенімен басталды.

Жүргізушілер: Қайырлы күн, қымбатты балалар, құрметті қонақтар және ұстаздар! «Болашақ бүгіннен басталады» – атты 1 Наурыз - Алғыс айту күніне арналған салтанатты жиын ашық деп жариялаймыз.-деп бастады

9 сынып оқушысы Ермек Айғаным

Пусть будут руки, солнцем созданные,

Над детством трепетным протянуты,

Как будто вдруг подарки розданы,

Что были к празднику припрятаны!

Пусть будут руки, солнцем пестованные,

По локоть в творчество погружены,

Чтоб стали все пути естественные,

От сердца к сердцу обнаружены

ІІ-жүргізуші:

Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» Жарлығына өзгерістер мен толықтырулардың енгізілгені айтылады: Алғыс айту күні - 1 наурыз.

2015 жылдың 22 сәуір айында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мәңгілік Ел: бір ел - бір тағдыр» тақырыбымен басталған ХХІІ сессиясында Н.Ә. Назарбаев «Бақыт бағалай білгеннің басында тұрақтайды. Ең асыл қазынамыз – бірлігімізді көздің қарашығындай сақтай білсек, барлық асулардан асамыз. Мен халқымды Ассамблеяның алтын шаңырағын асқақтата түсуге үндеймін. Бірлік қағидасы – әрбір азаматтың өмірлік ұстанымына айналсын! Жүрегімізде Ұлы Отан – Мәңгілік Елге деген махаббат оты маздасын! Баянды болашаққа бірге қадам басайық! Ырысымыз тасып, айбынымыз аса берсін!», - деді ол.

10 сынып оқушысы Қабиден Айсүлу.

— Қара жер жаралғалы қазағымның,

Шын сүйіп, шын түсінген азабын кім?

Жүрекке қолды қойып ниет қылдым,

Жетті деп тарихымды жазатын күн.

 Уақыттың диірмендей тасы айналад…

Ұл туса,бауырыңа бас аймалап.

Тағдырды Алла ғана нәсіп етіп,

Тарихты тұлға ғана жасай алмақ!

 Жанардың жәудіретіп нұрын ала,

Бұл күнді қүтті қанша Ұлы Дала.

Ұл туды бір Анасы Алты Алаштың,

Күн шықты арай шашып құбылаға.

Күн шықты арай шашып аспаныма,

Дүния кілт айналды басқа ағымға.

Ол Ана ұл тумапты, нұр туыпты

Бүгінгі өзек болар дастаныма.

Ол ұлдың заты – Нұрдан, аты – Сұлтан!

 Кеш туған зарықтырып уақытынан.

Жаралған жан әлемі Күлтегіндей,

Халықтың арман, тілек, бақытынан.

 Ел үшін Жерді шарлап ұшқан ұлы,

Ұлт үшін аямаған күш-дарынын.

Қазақта Ер тумайды енді Сіздей,

 Жарылып кетсе де өті дұшпанымның.

 Бабалар армандаған ізгі үмітпен,

Арылды дана халық жүз күдіктен.

— Нұраға, о не дейсіз?Біз дайынбыз!!!

Тарих тұр сахнадан Сізді күткен…

І — жүргізуші:

Қымбатты балалар! Біздің арамызда күнбе-күн сұхбаттасатын, сұрақтар қойып, жетістіктер мен армандар жәйлі ойларыңызбен бөлісетін адам бар. Ерекше құрметтей отырып, сөз сөйлеу үшін ортаға мектеп директоры Закенов Болат Неғметұлыны шақырымыз.

4 сынып оқушыларды ортаға шақырамыз./литмонтаж/

ІІ-жүргізуші: Мерекеміз «Болашақ бүгіннен басталады» деп аталады, шынында да біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің Жолдауы арқылы еліміздің болашағына көз салуға мүмкіндік берді. Болашақ ұрпаққа: «Мен елім үшін не істей аламын?» — деген сұраққа жауап іздеуге көмектесті. Осы тақырып төңірегінде әңгімелесу барысында балалар, сендер, өз ойларыңмен бөлісіндер, алғыстарын, ізгі тілектеріңді кімге білдіресіндер ортаға салыңдар. /сыныптар жеке-жеке тілек білдірді: ұстазға, ана-анасына, елімізге, отанымызға, президентімізге т.б./

 Ән «Ризамын» орындайтын 7 сынып оқушылары Мадиғажы Акгүл мен Еламан Еркежан.

І-жүргізуші: — Балалар, сендер Қазақстанды болашақта қандай болады деп ойлайсыңдар?

 /Қ — қуатты А – айбатты З – зайырлы А – ауқатты Қ – қайратты С – салауатты Т – тәуелсіз А – асқақ Н – нұрлы/ Қандай сөз шықты. Жасасын Қазақстан.

Ән «Ертегілер әлемі» орындайтын 5 сынып оқушысы Тлеулес Карина.

/Бейнеклип көрсетілді./

ІІ-жүргізуші:-Сонымен «Болашақ бүгіннен басталады» – атты 1 Наурыз - Алғыс айту күніне арналған салтанатты аяқталды.

 

Дайындаған директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: К.М.Косанова

 

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь